Әлем • 05 Ақпан, 2021

Ер адам вакцина бар көлікті ұрлап кетті

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласының полициясы коронавирустық вакциналары бар көлікті ұрлап кеткен ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ер адам вакцина бар көлікті ұрлап кетті

Жергілікті полиция департаментінің Facebook-тегі хабарламасына сәйкес, қолды болған автокөлік – сұр түсті Hyundai Accent. Оған қоса мәлімдемеде күдікті бейнеленген видео жарияланды. Көлік 2021 жылдың 3 ақпанында сағат 15:00-де ұрланды. Оның ішінде COVID - 19 вакциналары бар ампулалар болған.

Құқық қорғау органдары қала тұрғындарынан ер адамды іздеуге көмектесуін сұрайды.

Айта кетсек, АҚШ халықты жаппай вакцинациялауды бастады. Джо Байден әкімшілігі алғашқы 100 күнде, яғни сәуір айының соңына дейін 100 миллион дозада вакцинацияны қамтамасыз етуге ниетті.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ