Аймақтар • 05 Ақпан, 2021

Батыс Қазақстан облысында 240 дәрігер екпе алды

251 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанның барлық аймағында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталғалы Батыс Қазақстан облысында 240 дәрігер ресейлік Sputnik Vекпесін қабылдаған. Вакцинадан кейін кері белгіаллергиялық реакция байқалмаған.

Батыс Қазақстан облысында 240 дәрігер екпе алды

«Екпені бірінші кезекте инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері жұқпалы аурулар ауруханаларының персоналы, жедел жәрдем, реанимация бөлімі, ауруханалардың қабылдау бөлімдері, емханалар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары алып жатыр. Вакцинацияланған азаматтар өздерін жақсы сезінеді. Екпе алған дәрігерлер вакцинацияның қажеттілігін білетін тәжірибелі мамандар» деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облыстық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.

5 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «сары аймаққа» жылжыды. Бүгінге дейін өңірде барлығы 11 395 адам індет жұқтырған. Оның ішінде 5 376 адамда ауру симптомсыз өткен.

Соңғы деректерге қарағанда инфекция жұқтырғандардың 81,3%-ы, яғни 9 267 адам сауығып шықты. 199 адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды.Бүгінде карантиндік стационарларда 26 науқас жатыр. Ал инфекциялық стационарда 291 адам емделуде. Ауруханалардың толымдылығы 50,2%-ды құрайды.

А

- Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық бөлімдерде қазір 20 науқас емделуде. Олардың 80 пайызы – 60 жастан жоғары адамдар. Орын тапшылығы жоқ, - дейді басқарма басшысы.


Өңірде эпидемия күшейген жағдайда пайдалану үшін қ
осымша 2008 төсек-орындық резервтік қор дайындалған. Олардың 1233 инфекциялық стационарларда, 775-і карантиндік стационарларда. Сондай-ақ әрбір емханада COVID-19 және пневмония симптомдары бар пациенттерді, созылмалы аурулары бар пациенттерді, сондай-ақ көрсеткіштер бойынша жүкті әйелдер мен балаларды үйде бақылау үшін 124 мобильді бригада жұмыс жасап жүр. Мобильді бригадалар тәулігіне орта есеппен 280 мәрте жолға шығады, соның 70-і COVID-19 бойынша шақыру екен.

Батыс Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, өңірде жыл басынан бері 2174 адам коронавирустық инфекциямен ауырған. Бұл науқастармен қарым-қатынаста болған 2782 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған. Ал соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 3,7%-ға төмендеген.

- Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 41,5 пайызы, яғни 903-і – жұмыс істейтін адамдар. Сондай-ақ 461 зейнеткер, 150 оқушы, 89 мұғалім, 39 студент, балабақшаға бармайтын 38 сәби вирус жұқтырғаны анықталды, - дейді Нұрлыбек Мұстаев.

Биылғы оқу жылы басталғалы COVID-19 мектепте дәстүрлі форматта оқитын 164 оқушыда, қашықтықтан оқитын 177 оқушыда, барлығы 341 оқушыда анықталған екен. Ал 3 тоқсан басталғалы, яғни 11 қаңтардан бастап 127оқушы COVID-19 жұқтырған. Олардың 49-ы – дәстүрліформатта, 78-і – қашықтықтан оқитындар. Орал қаласында және аудандарда 31 мектептің 42 сыныбы санитар дәрігерлерінің қаулысымен карантинге жабылған.

Зертханаларда қаңтар айының басынан бері барлығы 62974 зерттеу жүргізілген.

Әрине, қауіпті вирусты мемлекеттік шекарадан өткізбеу мәселесі де қатаң қадағалауда. Жыл басынан бері Ресей Федерациясымен арадағы шекарадан 28465 адам өткен. Шекарадан өтушілерден ПТР сынамасы талап етіледі, ол болмаған жағдайда анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылады. Сондай-ақ халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерге де осы талап қойылады. 5276 жүргізушіде анықтама жоқ болып, ПТР әдісімен COVID-19 тест алынғанда, 7 адамда вирус бар екендігі анықталған.

Өңірде карантин талаптарына сәйкес көпшілік жиындар өткізуге тиым салынып, сақтық шараларын күшейтуге міндеттелген болатын. Бұл талаптарды мониторингтік топтар қадағалайды. Жыл басынан бері мұндай топтар 608 мәрте рейд жүргізіп, 5874 нысанды тексерген екен. Соның 22-сінде ереже бұзушылық анықталып, 49 хаттама толтырылған. Тәртіп бұзушыларға салынған айыппұлдың көлемі – 2 902 415 теңге.