Еліміздегі өнеркәсіптің дамуын тежейтін өзекті мәселелер мен қатерлер күн тәртібіндегі негізгі тақырып болды. Сенаторлар өнеркәсіп объектілерінің, әсіресе экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың саны мен жай-күйіне назар аударды. Бизнес қауымдастығы өкілдері өз кезегінде осы саладағы заңнамалық базаны жақсарту жөніндегі ұсыныстарын айтты.
Кездесу барысында өндірістік объектілерді жетілдіру, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне кредит беру деңгейін арттыру мәселелері көтерілді.
Кездесу "Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатын заңнамалық реттеу: жағдайы, мәселелері және шешу жолдары" тақырыбына арналған Үкімет сағатына дайындық аясында өтті.