Аймақтар • 05 Ақпан, 2021

Қостанайда бір топ лауазымды тұлға субсидияға бөлінген 484 млн теңгені бөліп алған

1149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында субсидияға бөлінген жарты миллиард теңгеге жуық қаражат жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда бір топ лауазымды тұлға субсидияға бөлінген 484 млн теңгені бөліп алған

Қаржылық мониторинг агенттігі кезекті қылмыстың бетін ашты. Бұл жолы бір топ лауазымды тұлға аса ірі мөлшерде мемлекеттік бағдарлама ақшасын ұрлады деген күдікпен істі болды. Оларға шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан су көтеруге арналған жабдық сатып алуға бөлінген 484 млн теңгені қалтаға басты деген айып тағылды. Күдіктілерге қатысты қозғалған қылмыстық іс сотта қаралуда.