Аймақтар • 05 Ақпан, 2021

Жамбылда екі күн ішінде 20 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, екі күн ішінде 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылда екі күн ішінде 20 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған

«Алдын алу іс-шарасын өткізудің негізгі мақсаты – ұзақ уақыт облыс аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтарын, сондай-ақ, жол жүру билеттерін сатып алуда қаржылық қиындықтарға тап болған шетел азаматтарын анықтау болып табылады. «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 20 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын еліміздің 45 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.