Министр американдық тарапқа қазақстандық азаматтарды «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Сириядан қайтаруға және оларды одан әрі бейімдеу барысында қолдау танытқандары үшін алғыс білдірді.
Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік мәселелерінің кең ауқымын талқылап, екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өту бойынша бірлескен іс-шаралар туралы уағдаласты.