Қаратау ауданында 24 елді мекен бар. Қала аумағына жаңадан қосылған елді мекендердегі басты мәселе - инфрақұрылым жүйесі. Өткен жылы ауданды ауызсумен қамтуда «Тұран» шағын ауданында (магистралды) екі ниткалы суаққы құрылысы жүргізілсе, «Тассай» тұрғын алабы, «Достық», Азат және Өтеміс шағын ауданында құрылыс аяқталып, қазіргі таңда су есептегіш құралдары орнатылып отыр.
2021 жылға өтпелі болған Асар-2 шағын ауданы мен Достық тұрғын алабының ішкі орамдық жүйелерінің құрылысы жыл соңында аяқталады. Аудан ауыз сумен қамтуды қажет ететін Асар-2(2 кезең), Бозарық саяжайы, Қайнарбұлақ, Исфиджаб, Сайрам, Қызылсу тұрғын алаптарының жаңақұрылыс аумақтары. «Шымкент қаласын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» енгізілді. Осы елді мекендер ауызсумен қамтылса, аудандаға көрсеткіш 83,5% -ға жетеді.
Қаратау ауданында 47 202 тұрғын үй қоныстанған болса, оның 37 169 үй, яғни (78,8%) мемлекеттік, 10 033 үй (21,2%) жеке меншіктегі электр трансформаторлардан жарық алады. Өткен жылы Достық, Асар-2, Тассай және Азат, Қайтпас шағын аудандарына электер желілерін тарту жұмысы атқарылған.
2021 жылы Асар-2 (2 кезең), Бозарық-2 шағынауданы мен Достық тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленген. Ал, Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту жобасы 2021 жылдың бюджетіне ұсынылды. Тұран шағын ауданы (магистралка 10 кВ) құрылысы 2020 жылы басталып, қазірде жұмыс жалғасып келеді.
Ауданда өткен жылы Тұран шағын ауданында табиғи газбен қамту бойынша магистралды жүйенің 1-кезеңінің құрылысы жүргізілген. Осы жылы «Қайнарбұлақ» тұрғын алабына магистралды газ құбыры тартылса, Достық, Асар-2, Азат шағын ауданында ішкі орамдық жүйелердің құрылысы жалғасады. Аталған жұмыс аяқталса ауданда табиғи газбен қамтылу көрсеткіші - 85 % -ға жетеді.
Фото: Береке Сейітжаппар