Білім • 06 Ақпан, 2021

Республикалық комиссия Ұлттық университет ректорларын сайлады

403 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Республикалық комиссияның шешімімен Ұлттық университеттердің  ректоры сайланды. Атап айтқанда, Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, Ал Ерлан Сыдықов Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры қызметіне кіріседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республикалық комиссия Ұлттық университет ректорларын сайлады

Жансейіт Қансейітұлы әр жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Орта және Таяу Шығыс және Африка елдерін басқару бөлімінің меңгерушісі, бірінші хатшысы (1993-1994); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы (1994-1997); Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бас сарапшысы (1997-1999); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас Консулы (Ыстамбул қ-сы) (1999); Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бастығы (1999-2004); Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының Бастығы (31.03.2004-01.02.2006); Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (01.02.2006-10.01.2007); Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі (10.01.2007-09.2010); Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (10.2010 бастап); Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (03.2011 бастап), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі (07.10.2016) Түркістан облысы әкімі (20.06.2018), сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі қызметін атқарды

1

Марапаттары: Құрмет ордені (2003), Парасат ордені (2011), «Астанаға 10 жыл» медалі (2008), Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай медалі (2011), «Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың нығаюына ат салысқаны үшін» Түркия кәсіпкерлер мен іскерлер Ассоцациясының медалі (2011),

«Халықаралық қатынастарда ерекше жетістіктері үшін» Түркия халықаралық туризімінің дамуының тұғырнамасы (TÜTAP) сыйлығы (2011), Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына орай медалі (2015).

Еңбектері: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы, 1985 ж.), «Қазіргі тіл лексикологиясы» (Алматы, 1986 ж.), «Қазақ тіліндегі етістіктің индикативті нысандары» (Алматы, 1991 ж.), «Қазақ тілі» (Алматы, 1991 ж.), «Қазақ тілі: Грамматикалық анықтама» (Алматы, 1996 ж.), «Қазақстан – Түркия: достық пен ынтымақтастыққа 5 жыл» (Анкара, 1996 ж.), «Президенттің бір жылы» (Астана, 2001, 2002, 2003, 2004, 2005 жж.), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы» (Астана, 2004 ж.), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы бойынша практикалық нұсқаулығы» (Астана, 2004 ж.), «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» (Алматы, 2005 ж.), Қазақ-моңғол лексикалық параллельдері: Қазақ тілінің этимологиялық сөздігіне материалдар (Мәскеу, 2005 ж.), «Қазақстан» (Мәскеу, 2006 ж.), «Алтай тілдеріндегі анлаутты еріндік дауыссыздардың мәселесі» (Рамстедт-Пеллио фонетикалық заңының ревизиясы) (Москва, 2005 ж.), «Алтай теориясының және алтайтанудың қалыптасуы және дамуы» (Түркістан, 2006 ж.), «Түрік-қазақ-моңғол этнотілдерінің өзара қатынастарының тарихы» (Алматы, 2006 ж.), «Түркі-моңғол лексикалық параллелдерін тарихи-генетикалық тұрғыдан шектеудің критерийлері мен теориялық ұстанымдары» (Астана, 2008ж.), «Орталық Азия тілдерін зерттеудің өзекті мәселелері. Туран тілдік одағы» (Көкшетау, 2009ж.), «Қазақстан Республикасындағы білім беру реформасының өзекті аспектілері» (Астана, 2010 ж.), «Қазіргі заманның бірегей ғалым ‒ориенталистісі. Алтаист-түрколог А.Рона-Таштың 80 жылдығы» //Алтаистика и тюркология журналы, 2011ж., «Қазақстан негізгі кезеңдері» (Анкара, 2011 ж., түрік тілінде), «Туран тілдің одағы және Алтайлық ареалдағы тілдераралық, мәдениеттераралық интерференция құбылысы//Түркі дүниесі. Альманах.( Астана, 2012ж.), «Қазақстан. Экономика. Инвестициялар. Маңыздылығы» (Анкара, 2012 ж., қазақ және түрік тілінде), «Қазақстан –Түркия: жоғары деңгейлі стратегиялық ыңтымақтастық» (Анкара, 2013 ж., қазақ және түрік тілінде), «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастыққа — 20 жыл» (Анкара, 2013 ж.), «Көне түркі жазба ескерткіштірі тілінің морфологиялық жүйесі» (Астана, 2013 ж.), «Алтаистиканың тарихи-лингвистикалық негізі» (Астана, 2013 ж.), «Алтайтануға кіріспе» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.), «Түркі филологиясына кіріспе» авторлық бірлестікте (Астана, 2013 ж.), «Түркі жазба ескерткіштерінің тілі» авторлық бірлестікте (Астана, 2013 ж.), «Қазіргі түркі тілдері» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.), «Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы» авторлық бірлестікте, (Астана, 2013 ж.), «Түркітанудың тарихи лингвистикалық негіздері» (Астана, 2014 ж.), «Қазақ, түрік салыстырмалы граматикасы» (Астана, 2014 ж.).

 

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов 1956 жылы дүниеге келген, қазақ, 1978 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітіріп шықты.

Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінде Е.Б. Сыдықов стажер-зерттеушіден жоғары оқу орнының жетекшісіне дейінгі жолды жүріп өтті.  

1981 жылдың қыркүйегінен 1984 жылға дейін ҚазМУ-дың аспирантурасында білім алған, 1984 жылдың ақпанында тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын, 1999 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

1996 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мемлекеттік қызмет және кадрлық жұмыс бөлімінің кеңесшісі лауазымына қабылданды.

1997 жылдың маусымынан 2004 жылдың сәуіріне дейін ректор ретінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің қалыптасуына үлес қосты.

Университеттің құрамынан педагогикалық институттың бөлініп шығуына байланысты 2004 жылдың сәуірінде Е.Б. Сыдықов Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры лауазымына тағайындалады.

2008 жылғы шілдеде Е.Б. Сыдықов қайтадан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры болып бекітілді.

2011 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен Е.Б. Сыдықов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.

Е.Б. Сыдықов – 200-ден астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, 4 оқу құралының, 20-дан астам монографияның авторы. 

2011 жылдың желтоқсанынан бері Ұлттық тарихшылар конгресінің төрағасы болып табылады, «Нұр Отан» Партиясының Астана қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» Партиясы Саяси кеңесінің мүшесі. «Mangi El» халықаралық ғылыми-танымдық тарихи журналының бас редакторы болып табылады, «Мир Гумилева» және «Вопросы Евразийства» серия кітаптарының бас редакторы, Бүкілресейлік «Сібір гуманитарлық ғылымдары» ғылыми журналы редакциялық кеңес мүшесі,  2014 жылдан - Бас редакторлар клубының мүшесі. «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» Қауымдастығының құрметті профессоры.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі-академик, Вице-президенті.

2015 жылдан бастап Еуразия университеттері Ассоциациясының  Вице-президенті, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесінің төрағасы.

2016 жылдан бастап «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Азия университеттері ассоциациясының президенті.

Астана қаласы мәслихаттың V және VI шақырылымының депутаты.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрметті азаматы, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. 

«Қазақстан Республикасының Құрметті білім қызметкері» белгісімен (2001), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005) атағымен, «Парасат» орденімен (2010), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015) медальдарымен, II дәрежелі «Барыс» орденімен (2015), ТМД елдері Парламентаралық ассамблеясының «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» (2015) мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен (2016), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен (2016), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) және «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» (2016) медальдарымен марапатталған.