Аймақтар • 06 Ақпан, 2021

Ақынды әкім құттықтады

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Сырдария ауданының құрметті азаматы» Мұхтар Сақтаповты 85 жасқа толуымен құттықтады. Ақынның шаңырағына барған аудан басшысы қаламгердің әдебиетке қосқан  сүбелі үлесін айрықша атап  өтті.

Ақынды әкім құттықтады

– Кемеңгерлік пен кемелдікке жарқын көңілмен келіп отырсыз. Сіздің өлеңдеріңіз арқылы жас ұрпақ тағылымды тәрбие ала білді. Осы топырақта туып-өсіп, шығармаларымен ұлттық әдебиетті байытқан ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетов, қырғи тілді Қалтай Мұхамеджанов, сөз зергері Әбіраш Жәмішев, ақындар Замаддин Ибадуллаев, Балашбек Шағыров,  Қайырбек Асановты және өзіңізді жерлестеріңіз мақтаныш етеді, – деді Талғат Тұрсынұлы.

Аудан басшысы мерейтой иесіне шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.
Мұхтар Жаналханұлы Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 40 жыл жұмыс жасап, корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, баспахана директоры қызметтерін абыроймен атқарған. «Көңіл шуағы», «Қайырлы таң, туған жер!» секілді бірнеше жыр-жинақтың авторы. 
Қарт қаламгер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, батасын берді.