2021 жылдың 1-5 ақпаны аралығында Алматы қаласында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ, қаладағы қылмыстық ахуалды жақсарту мақсатында “Келімсек” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
– Іс-шара барысында 344 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 67 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. 165 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін 164 отандасымыз жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 15 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 70 шетелдік ПД қабылдау-тарату орнына орналастырылды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар шеңберінде полиция қызметкерлері Қазақстанда 2018 жылдан бері өзінің құқықтық мәртебесін реттемей, заңсыз жүрген 2002 жылы туған Иордания азаматын анықтады. Сот шешімімен шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.