Коронавирус • 07 Ақпан, 2021

ДДСҰ: COVID-19-дың таралуы азайды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 індеті таралу қарқынының біршама азайғанын мәлімдеді. Дегенмен сақтық шараларын сақтауды ешқашан тоқтатпау қажет дейді ұйым өкілдері.

ДДСҰ: COVID-19-дың таралуы азайды

өкілдері.

– Біз бір күнде індет жұқтыру санының төмендегенін байқап отырмыз және бұл қуанарлық жаңалық. Бұған бірқатар факторлардың қатысы бар, соның ішінде елдердің вирустың таралуына жол бермеу мақсатында қолға алған сақтық шараларын атап өтуге болады. Мемлекеттердің індетті жұқтырудан қорғау шаралары, медициналық қызметкерлердің даярлығы және вакцинация кампаниясы дерттің тұсаулануына әсер етіп жатыр. Ауру деңгейі төмендеген елдер пандемиямен күресті тоқтатпауы керек. Адамдар да өз кезегінде әлеуметтік қашықтық сақтап, маска тағып, қол тазалығына ерекше мән беріп, жұртшылық көп шоғырланған орындардан аулақ жүргені жөн, – дейді ДДСҰ эксперті Мария ван Керкховен.

ДДСҰ мәліметі бойынша, қазір әлемде вирус жұқтырғандар саны 104,3 миллионнан асты. 2,2 млн адам көз жұмды. Қаңтар айының бірінші жартысынан бастап індетті жұқтыру дерегінің төмендегені байқалған.