Аймақтар • 07 Ақпан, 2021

Күтпеген жылымық халықты әбігерге салды

593 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы үш күннен бері Солтүстік Қазақстанда ауа райы «бүлініп» тұр. Екі күн бойы тұрған жылымық қарды ерітіп, ақпанның аспанын көктем күніне айналдырып жіберді. Ауаның температурасы 2-3 градусқа дейін жылыды.

Күтпеген жылымық халықты әбігерге салды

Мұндай Солтүстікте өте сирек болатын құбылыс. Үйлердің төбелеріндегі, жолдардағы жұқа қар мен мұздақ еріп, нағыз сылпылдақ жағдай туды.Үйлердің төбелерінен құлаған қалың қар мен сүңгілердің жерге күрт түсуінен адамдардың жарақат алуы мүмкін екендігін ескертіп, полиция ата-аналар мен балаларға әкімшілік ғимараттар мен үйлерге, басқа да құрылыстарға жақын жүрмеуді айтуда.

Ал кешегі түннен басталып, бүгін күні бойы тұрған қара дауыл қатты аяз болмаса да дүрілдетіп, халықты қатты мазалауда. Әзірге бірдеңені ұшырып әкеткен деген жаман хабар жоқ, бірақ халық қатты алаңдаулы. Жолдар дереу қатып, көк мұзы жалтыраған көктайғаққа айналды. Қаладан шығатын үлкен жолдар жабылуда.

Қаланың коммуналдық қызметтері жолдарды мұздан тазалауда, полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмысын күшейтіп жатыр. Облыс жолдарында ақпанның алғашқы бес күнінде 3 ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, оның салдарынан 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақаттанды. Тәртіп сақшылары жылдамдықты асыру, маневр жасау ережелерін бұзу сияқты жол қозғалысының өрескел бұзушылықтарының қазіргі уақытта қаупі артқанын ескертіп, жүргіншілерге дауыс күшейткішпен де, жай да ескертуде. Тіпті жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстанған күннің өзінде апаттық жағдайға ұшырау қаупі жоғары, өйткені қара дауыл габариті үлкен көліктерді жолдан тайдырып жіберуге бар. Сондықтан жылдамдықты азайтып, көлік құралдары арасында ара қашықтықты сақтау қажет. «Жаяу жүргіншілерге жолды кесіп өткен кезде сақ болуға кеңес береміз. Жолда мұз болған кезде көлік бірден тоқтай алмайды. Жаяу жүргіншілер жолағындакенеттен адам пайда болған кезде жүргізуші шара қабылдауға үлгермеуі мүмкін. Жүріп келе жатқанкөліктің жоқ екендігіне анық көз жеткізіңіз. Жасөспірімдердің көбі құлақтарына тыңдауыштағып, бас киімін кимей, капюшон жауып жүреді. Осылайша, жақындаған көлікті байқамай, естімейқалуы мүмкін. Жолды осылай кесіп өтетін адамөміріне қауіпті», - дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Азамат Жамұқов.