Аймақтар • 07 Ақпан, 2021

Ауылдарда агро аймақтар құрылады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков шалғай елдімекендер Т. Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун ауылдық округтерін аралады.

Ауылдарда агро аймақтар құрылады

Алдымен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден өткен Т. Көмекбаев ауылдық ауруханасының жұмысымен танысудан бастады.  

Мұнан кейін аталған ауылдық округтердіңтұрғындарымен кездесіп, сауалдарын тыңдаған әкім тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Кездесуге дейін де аудан басшысы ауыл тұрғындарымен онлайн есепті кездесу өткізгенболатын. Бұл сапар сол кездесуде көтерілген мәселелерді зерттеп, шешім қабылдауды талқылауға арналды.

Кездесулерде аудан басшысы ауылдық округтер айналасында агро аймақтар құрып, бау-бақша егу жұмыстарын жандандыруды көтерген еді. Ауылдарды аралауда сол жұмыстарды осы бастан қолға алып, халықтың бау-бақша егуге дайындық жұмыстарын бастауды, аяқсу келетін каналдарды реттеуді сала басшыларына нақтылауды ұсынды.

Агро аймақтар құру арқылы ауыл тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ аудан басшысы тұрғындармен кездесуде мал басын  көбейтуді, ауылдық округ әкімдеріне жайылымдық жерлерге талдау жасауды жүктеп, жаңа жұмыс орындарын құруға тапсырмалар берді.