«Денсаулық – зор байлық». Бірақ осы байлықтың қадірін саушылықта көбіміз біле бермейміз. Адамның тәні – Алланың аманаты. Бұл аманатқа адалдықпен қарау, яғни денсаулықты сақтау һәм қорғау – басты парыз.

Осы парызымызды атқаруға келгенде тым салғыртпыз. Әсіресе дұрыс тамақтануға деген жауапкершілігіміз төмен.
«Ас – адамның арқауы» дейтін атам қазақ көптеген ауру-сырқау адамға дұрыс тамақтанбаудан жабысатынын екібастан жақсы білген. Сондықтан да «ауру – астан» деп білгірлікпен дәл айтқан. Мұны медицина ғылымы да қуаттайды.
Құдайға шүкір, қазір «не ішемін, не жеймін?» дейтін заман емес. Ақшаң болса, дүкенге немесе тамақтану орындарына бар да қалағаныңды сатып алып, өңешіңнен өткізе бер. Өз қалауың. Ешкім «мұның не?» демейді. Тек осындайда адамға аз-кем талғам, кірпияздық, асқазанға деген аяушылық керек-ақ. Бірақ, өкінішке қарай, сырты жылтыр, түрлі зиянды химикаттардың қосындыларымен дәмі келтірілгендіктен, көмейге жағымды тиетін, бірақ жасық, құнарсыз, ең жаманы – денсаулыққа зиянды ас-судың алдында осалдық танытып, қу құлқынның дегенінен шыға алмай, соның қалауына мойынсұнып кете барамыз. Осылайша, әлсіздік танытуымыздың зардабын барынша тартып жүрміз.
Бүгінде қоғамымызда талғамсыз ішіп-жеу, қоректену кесірінен жапа шегіп жүрген ағайынның қарасы қалың. Әсіресе, толысып кеткендердің көбейіп бара жатқаны алаңдатады. Семіздіктен арылудың амал-тәсіліне жүгініп зыр жүгіргендер арықтаудың небір күмәнді тәсілін ұсынып, пайда тауып жүрген пысықайлардың қалтасын толтырып әуре.
«Фаст Фуд» деп аталатын бұқтырылған шұжық, тез әзірленетін кеспе, сэндвич, гамбургер, хот-дог, пицца, газдалған немесе тәтті сусындарды және тағы басқаларын тұтыну денсаулыққа зиян екенін, шамадан тыс толып кетудің себепшісі екенін білсек те, әзірге олардан тартынатын сыңайымыз шамалы. Опыра жеп, қылғыта ішіп жатырмыз. Бұл жерде бар кінәні ас-судың әлгі аталған түрлерін ұсынатын дүкендер мен тамақтану орталықтарынан, тамақ өндірісіне дендеп енген химиялық технологиялардан іздейтіндер көп. Бірақ тауарын ұсынушының көздегені – сенің денсаулығыңды қорғау емес, ақша табу. Сондықтан оларды жазғырғаннан ештеңе өнбейді. Бар мәселе – халықтың зиянды өнімдерден өзін шектей білуінде. Егер сұраныс азайса, ұсынушы қайда барады дейсің.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдарды өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 пайызын сапасы нашар, қауіпті қоспалармен әзірленген тағамдар құрайтынын мәлімдегелі қай заман. Алайда осыны білсек те тиісті амал-әрекет жасауға асығар емеспіз. Әрине, не ішіп, не жейтінін әркім өзі біледі. Десек те, халқымызды зиянды тағамдардан қорғау, аталған мәселеде дұрыс бағыт көрсету шаралары мемлекеттік деңгейде қолға алынуы тиіс. Бұл орайда, бірінші кезекте зиянды тағамдардың жарнамасын шектеу керек. Өйткені бүгінде жұрт, әсіресе балалар қанты мол, тұзды, майлы, химиялық қоспалардың мөлшері көп өнімдер жарнамаларының еріксіз көрермені болып отырғаны жасырын емес. Осы орайда сенатор Ақмарал Әлназарова: «8-10 жас аралығындағы балалардың 25,7 пайызының теледидар көруге екі немесе одан да көп сағат уақыты кетеді. Күніне шамамен 13 тамақ жарнамасын немесе жылына 4700 жарнама көреді. Теледидардағы барлық жарнаманың 32,8 пайызы азық-түлік өнімдерінің жарнамасы болып отыр. Ең жиі жарнамаланатын тағамдардың қатарындағы құрамында қант бар сусындардың үлесі 22 пайыз болса, шоколад пен энергетикалық батондар үлесі 17 пайыз», дейді. Бұған не дейміз?
Әрине, жарнама тиісті заңдармен реттеледі. Бірақ бір әттегенайы – оларда денсаулыққа зиянды әсер ететін өнімдер туралы ақпараттың таралуын шектейтін нормалар жоқтың қасы. Елімізде балаларға арналып жарнамаланатын ас-судың шамамен 72 пайызы ДДҰ тарапынан тыйым салынған азық-түлікке жатады екен. Теледидарға телмірген ұрпақты көздің жауын алатын зиянды тағамдар жарнамасына қаратқызып қойып, сілекейін шұбырта жұтындыру – түсіне білгенге жамандыққа азғыру. Сондықтан бұған барынша шектеу қою, қажет жерінде тыйым да салу керек.
Қорыта айтқанда, қолданыстағы заңнамаға зиянды тамақ өнімдерінің насихатталуын шектейтін өзгерістер енгізу қажет-ақ. Сонда ғана телеарналардан көрсетілетін зиянды тамақ өнімдері мен сусындардың жарнамаларын шектеуге болады. Мұндай жарнамадан түсетін ақшаға қызығып жүріп, басқаны айтпағанда, жасөспірімдердің денсаулығын қорғауды ұмытып кетпейік.
Иә, халықты зиянды тағамнан қорғау да – елдік мәселенің бірі.
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
Экономика • Бүгін, 15:47
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Бүгін, 15:41
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Бүгін, 15:38
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:31
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды
Білім • Бүгін, 15:25
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Бүгін, 15:07
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Видео • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Елордалық оқушылар 2 наурыздан бастап қалай оқиды
Аймақтар • Бүгін, 09:38
Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш ашылады
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 3 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Ержан Бабақұмаров Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді
Аймақтар • Бүгін, 09:24
Еуропалық одақ енді қай тілде сөйлейді?
Әлем • Бүгін, 09:08
Спорт • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 09:02
Қазақстанда 893 науқас коронавирустан ем алды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Ясауидің шежіресі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:01
Ұқсас жаңалықтар