Теннис • 08 Ақпан, 2021

Жарыстан шығып қалды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мельбурнда өтіп жатқан Grampians Trophy WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Жарыстан шығып қалды

Қазақстанның – бірінші, осы жарыстың 4-ракеткасы саналған Елена Рыбакина екінші айналымда әлемдік рейтингте 66-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчиковамен шеберлік сынасып, екі сетте теннисшілер 6:4, 2:6 нәтижесімен тең түсті. Ал шешуші тай-брейкте Барбора ептілік танытып, 10:6 есебімен келесі кезеңге жолдама алды.

Дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған жерлесіміз Юлия Путинцева да екін­ші айналымнан әрі аса алмады. Аус­тралия ашық чемпионатының екі мәрте жеңімпазы, әлемнің 13-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездескен Путинцева қарсыласына тай-брейкте есе жіберді. Қорытынды есеп – 6:4, 1:6, 11:9. Сөйтіп екі теннисшіміз де жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.