Футбол • 08 Ақпан, 2021

«Даму кубогында» екінші орын алды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскіде (Беларусь) ұйым­дастырылған халықаралық «Даму кубогы» турниріне қатысып, жүлделі екінші орынға ие болды.

«Даму кубогында» екінші орын алды

Жарыстың тұсаукесер кездесуінде Тәжік­стан құрамасынан 7:1 есебімен оңбай жеңілген жерлестеріміз кейінгі екі ойын­да жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуант­ты. Екінші турда біз­дің жігіттер жарыс қо­жайындары – Беларусь құра­масын 4:2 нәти­жесімен тізе бүктірсе, соңғы турда мол­довалық құрдастарының қақпасына жауап­сыз 5 гол соқты.

Жарыс қорытындысы бойынша екі ойында жеңіске жетіп, бір ойында жеңілген Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық тур­нир­дің күміс жүлдесіне ие болды. Ал бірде-бір ойында жеңілмеген Тәжікстан футболшылары «Даму кубогының» бас жүлдесін қанжығасына байлады.