21 Желтоқсан, 2013

Қыз баланы қаққан сот төрағасының ісі тоқтатылды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 12-sotБиылғы маусым айында Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотының бұрынғы төрағасы Қайрат Тоқсанбаев қыз баланы көлігімен қағып кетіп, артынан ол ауруханада көз жұмған болатын. Бұл туралы Nur. kz хабарлады.

Тергеу барысында 2013 жылдың 5 маусымында Степняк қаласында Қ.Тоқсанбаевтың мас күйінде, құжатсыз көлік жүргізгендігі анықталды. Ол көлігіне ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, жол жиегінде тұрған кәмелет жасына толмаған қызға соғып кетеді. Ауыр дене жарақаттарын алған жасөспірім ауыр халде Еңбекшілдер аудандық ауруханасына жеткізілген. Алайда,бір күн өткенде ол ауруханада көз жұмды. Сот істі қарау кезінде Тоқсанбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш келіп түсті. Ол бойынша айыпталушы өз кінәсін мойындаған және жәбірленуші тарапқа келтірген материалдық, моральдық шығындарды төлеген. Әрі өз араларында бұл мәселені біржақты шешкені белгілі болды. Осыған орай, сот шешім қабылдады.

«Қайрат Тоқсанбаевты қылмыс жасағаны үшін айыптау жөніндегі ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлімінде ескерілген қылмыстық істі тараптар өз араларында ымыраға келгендіктен және келтірілген шығындардың орны толтырылғандықтан, ҚР ҚК 67-бабы 2-бөлімі негізінде тоқтатылсын. Тоқсанбаевқа қатысты «елден кетпеу туралы қолхат» жазасы жойылсын», - деп жазылған Бұланды аудандық сотының қаулысында.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Nur. kz

Фото: respublika.kz

Соңғы жаңалықтар