Қоғам • 08 Ақпан, 2021

Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы уақытша шектелді

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар және Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram каналына сілтеме жасап.

Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы уақытша шектелді

«8 ақпан 07:30-да Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней–Ботақара» автожолының 138-231 шақырымында барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Сондай-ақ бүгін 06:30-да Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) «Екатеринбург – Алматы» автожолының 1492-1610 шақырымында жол жабылды», делінген хабарламада.

Бүгін 07:00-де Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі, көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін мына автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді: 1. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» 231-324 шақырымы, Павлодар облысы шекарасы уч.-Ботақара кенті; 2. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 шақырымы, Қарағанды қ. уч-Қарқаралы қ.