Коронавирус • 08 Ақпан, 2021

Қазақстанда 27 028 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар бойынша бүгінгі мәліметті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 27 028 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

8 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 27 028 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 804 пациент стационарда, 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 268 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр, 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.