«Бұл айқас Жапониядағы Tokyo Dome аренасында өтуі мүмкін», деді Родригес.
Бұған дейін ол Головкин мен Мурата командалары келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Алайда жапон боксшысы мұндай салмақты қарсыласпен кездеспес бұрын алдымен «қыздырынатын» жекпе-жек өткізгісі келеді. Еске сала кетейік, Мурата WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы болса, Головкин – IBF және IBO белбеулерінің иегері.
Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін Геннадий Головкин - Сауль «Канело» Альварес жекпе-жектері трилогиясының соңғы бөлімі туралы әңгіме басылар емес. Ол үшін Головкиннің мексикалық Хайме Мунгиямен жекпе-жекте сәтті өнер көрсетуі қажетті шарт болып отыр. Аталған айқас шамамен мамыр айына жоспарланған.