Қоғам • 08 Ақпан, 2021

Біржолғы зейнетақы төлемі: Ипотеканы төлеуге арналған 3 қадам

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Отбасы банкі» Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен ипотеканы төлеуге арналған үш қадамды атады, деп жазады Egemen.kz

Біржолғы зейнетақы төлемі: Ипотеканы төлеуге арналған 3 қадам

1-қадам: банк бөлімшесіне бармастан бұрын www.enpf-otbasy.kz онлайн платформасындағы жеке кабинетіңізге кіріп, өз өтінішіңіздегі «Банкті таңдау» бөліміндегі тізімнен «Отбасы банкін» таңдап, «Өтінім жолдау» батырмасын басыңыз. Құжаттарды жүктеудің қажеті жоқ, олар банктің мәліметтер базасында бар.

2-қадам: https://hcsbk.kz/contacts/ сайтында банк бөлімшесіне келу уақытын брондаңыз. Брондау кезінде «Посткредит» мақсатын таңдап, әрі қарай «Кредитті өтеу (жартылай/толық)» операциясын таңдау керек.

3-қадам. Егер заемшыласыңыз болса, оны да шақыруды ұмытпаңыз. Өйткені ол жаңадан құрылатын өтеу кестесіне қол қоюға тиіс.

Айта кетейік, банк бөлімшесіне маска тағып бару талап етіледі. Сондай-ақ қосымша ақпаратты 300 нөмірі арқылы алуға болатыны хабарланды.