Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде карантин талаптарын елемей жұмыс істеген “ZEUS” компьютерлік клубы анықталды. Оның ішінде 50-ге жуық адам болған.
Аталған жайт бойынша учаскелік полиция инспекторлары жиналған әкімшілік құжаттарды карантиндік шектеу талаптарын бұзғаны үшін компьютерлік клубтың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады. Тәртіп сақшылары карантин талаптарын кез келген бұзу жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.