Оқиға Заря ауданының Смазнево ауылында болды. Астық қоймасының шатырынан қар құлап, 8-і қарлы үйіндінің астында қалған.
«Қардың астынан шығарылған төрт адам қайтыс болды. Зардап шеккен бір адамның жағдайы медициналық көмек көрсетуді талап етеді», деп атап өттті аймақтың баспасөз хатшысы.
Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Зардап шеккендердің арасында 1-еуі Заринскідегі ауруханаға жіберілсе, ал аман қалғандары емделуден бас тартты.
ТЖМ хабарлағандай, төтенше жағдай орнында 40 адам мен 15 техника жұмыс істеп жатыр.
Алтай өлкесінің басшысы Томенко атқарушы биліктің барлық аймақтық органдарының басшыларына жылы ауа райына байланысты қар жамылғысының түсу қаупіне назар аударуды және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ