Оңтүстік Қазақстан • 08 Ақпан, 2021

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған браконьерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған браконьер  ұсталды

Шардара аудандық полиция бөлімі табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мен су ресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлар бірлесіп, түнде рейдтік іс-шаралар жүргізген.

Су қоймасының жағалауында электротокты қармақтың көмегімен балық аулап отырған ер адам полицейлердің жақындағанын көре салып, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ тәртіп сақшыларының қырағылығы арқасында браконьер бірден ұсталды.

Полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаған Мақтаарал ауданы тұрғынынан резеңке қайық, балық аулау құралдарын және заңсыз ауланған 15 келі балық тәркіледі.

 Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша СДТБТ-де тіркелген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.