Тағайындау • 08 Ақпан, 2021

Түркістан облысындағы Төлеби ауданына жаңа әкім тағайындалды

1670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі болып Төлеген Тұртайұлы Телғараев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысындағы Төлеби ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бұған дейін бес жылға жуық Қазығұрт ауданын басқарған Т.Телғараев 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы – инженер-механик, экономист-қаржыгер. Еңбек жолын Шымкентте құрылысшы болып, ал мемлекеттік қызметті 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық жекешелендіру комитеті мемлекеттік акция пакеттер және мемлекеттік қатысу үлесі бөлімінің бас маманы ретінде бастаған. Әр жылдары облыстық коммуналдық меншік, облыстық қаржы,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменттерінде бөлім бастығы болған, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Төлеби ауданы активіне, депутаттарға жаңа тағайындалған әкімді таныстырған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ерекше назар аудадар бірқатар бағыттарды атап өтті. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев өңірдің ерекшеліктеріне тоқтала келе, Телғараевтың еліміздің тәуелсіздігі жылдары, яғни соңғы отыз жыл ішінде ауданды басқаруға келген он бірінші әкім екенін айтты. Өз кезегінде Төлеген Тұртайұлы сенім білдірген облыс басшысына алғысын білдіре отыра, ауданды дамытуда алға қойылған міндеттерді орындауда бар күш - жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Айта кетелік, ауданды бұған дейін басқарған Бауыржан Омарбеков Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалған болатын.