Оқиға • 08 Ақпан, 2021

Пакетке орап өлтірген: Нәрестесін дәретханаға тастаған жас анаға сот үкімі шықты

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 жасар БҚО Казталов ауданының тұрғыны екі жылға сотталды. Ол өз баласын пакетке орап ашық дәретханаға тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Пакетке орап өлтірген: Нәрестесін дәретханаға тастаған жас анаға сот үкімі шықты

4 ақпанда №2 Казталов аудандық сотында бұл іс бойынша үкім жарияланды. Үкімді сот орындаушысы Айвар Бижанов жариялады.

«Менің қалам» басылымының хабарлауынша, жоғары педагогикалық колледждің екінші курс студенті 2020 жылдың күзінде жүкті екенін білген. Бірақ бұл жағдайды құпия ұстаған.

23 қарашада қыздың іші ауыра бастайды. Шамамен сағат 16:00-де қыздың анасы дүкенге кетеді, ал қалған отбасы мүшелері бөлмелерінде болыпты. Қыз дәлізге шыға берісте босанып қояды. Есеңгіреген күйінде қайшымен нәрестенің кіндігін кесіп, нәрестені полиэтилен пакетке орап, жеке үйдің қорасында орналасқан дәретханаға тастайды. Осылайша, ол жаңа туған баласын өлтірді. Содан кейін ол дәліздегі қанды сүртіп, бөлмесіне кіріп жатып қалады. Дүкеннен қайтып келген анасы қызының жағдайын көріп, оны жедел ауруханаға жеткізді.

Сарапшының айтуынша, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Бала шамамен 8-8,5 айында тірі туған. Сотталушы кінәсін толық мойындады. Қыз жігіттің бала үшін жауапкершілік алудан бас тартқанын және ата-анасының реакциясынан қорыққанын айтты.

Сот үкімімен Қазталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Аида ОРАЛБЕК