Әлем • 08 Ақпан, 2021

Танзанияда белгісіз ауру адамдардың өмірін жалмауда

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танзанияда белгісіз аурудан 15 адам қайтыс болып, 50-ден астам адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Танзанияда белгісіз ауру адамдардың өмірін жалмауда

Аурудың жағдайлары елдің батысындағы Мбея қаласында тіркелген.
Науқастар бас айналу, жүрек айну, қанмен құсу сияқты белгілерге шағымданып жатыр.

Чунья аудандық денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фелиста Кисанду БАҚ өкілдеріне ондаған адамның ауруханаға түскенін хабарлады.

Оның айтуынша, барлығының шағымы ұқсас. Дегенмен, аурудың себебі әлі анықталмаған.

Алдын ала зерттеулер бойынша науқастардың көп бөлігі асқазан жарасы немесе бауыр ауруы бар ер адамдар екенін көрсетті.
Өз кезегінде Танзания денсаулық сақтау министрі Дорот Гваджима жағдайды тексеру үшін аймаққа бір топ сарапшылар жіберілгенін мәлімдеді.

Айта кетсек, 2018 жылы Мбея аймағында осындай шағымдармен көптеген адамдар ауруханаға түскені белгілі болды.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ