Әлем • 08 Ақпан, 2021

Чешенстан тауларында 14 турист із-түссіз жоғалып кетті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чешенстан тауларында туристер тобы із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Чешенстан тауларында 14 турист із-түссіз жоғалып кетті

Оқиға Сунжен ауданындағы Бамут ауылына жақын маңдағы таулы-орманды аймақта болған. Мекеме өкілдерінің мәліметінше, 14 адам 7 ақпанда жексенбі күні таңда орманға торжуа (пияздың жабайы түрі) теруге шыққан, алайда содан кейін олармен байланыс үзілген. 

Қазіргі уақытта оқиға орнына құтқарушылар аттанған, олардың арасында кинологтар да бар. Іздеу тобының құрамын көбейту жоспарланған. 

«Адамдарды іздеу қиынға соғып отыр, өйткені мұнда ұялы байланыс тартпайды сол себепті олардың соңғы рет қай жерден байланысқа шыққаны белгісіз», деді ТЖ өкілі. 

Кейінірек торжуа теруге шыққандардың табылғаны туралы хабар таратты.