Елорда • 08 Ақпан, 2021

Елордада КВИ-ға қарсы екпе салатын 36 пункт ұйымдастырылды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

МСАК-тың (медициналық-санитариялық алғашқы көмек) 36 ұйымында барлығы 36 егу кабинеті жұмыс істейді, онда COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада КВИ-ға қарсы екпе салатын 36 пункт ұйымдастырылды

«Егу пункттері барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 36 вакцинация кабинеті дайындалды», деді Тимур Мұратұлы.
 
Басқарма басшысы сөзін жалғай отырып, 36 жылжымалы бригада, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу мен ұйымдастыруға, қалдықтарды кәдеге жаратуға жауапты қызметкерлер белгіленгенін атап өтті.