Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы уағдаластыққа қол қою мақсатында әзірленді.
Мұндағы мақсат – Қазақстан Республикасының әскери мүлкін Тәжікстан Республикасына бір жолғы беруге құқықтық негіз құру.
Құжат жобасының толық мәтінімен осы жылдың 20 ақпанына дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6766673.