Қоғам • 08 Ақпан, 2021

Егілу керек пе, жоқ па? КВИ-мен ауырғанына күмәнданған адам не істеуі керек?

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адамдар үшін, әсіресе науқаспен байланыста болғанына алғышарттар бар болса, онда тест тапсырып, вирус пен антиденелердің жоқтығына көз жеткізу қажет. UMС клиникалық иммунология, Аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі, «МУА» КЕАҚ Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсы бар ішкі аурулар кафедрасының аға оқытушысы Елена Ковзель осындай шешім қабылдауға кеңес берді. Ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Егілу керек пе, жоқ па? КВИ-мен ауырғанына күмәнданған адам не істеуі керек?

Сарапшының айтуынша, коронавируспен ауырғандарда антиденелер анықталуы мүмкін, бірақ олардың белгілі бір қорғаныс күші жоқ. Бұл туралы вакцинаның нұсқауларында жазылған: вакцинация жасамас бұрын антиденелерді анықтау қажет емес.

«Коронавирустық инфекция симптомсыз, жеңіл, ауыр және өте ауыр түрде кездеседі. Өкінішке қарай, антиденелер инфекциялардан қорғайтын негізгі емес иммундық жауап болып табылады. Олар тез азаяды.  Мысалы, антиденелер 30-40-50 мәндеріне дейін болуы мүмкін, 5-6 айдан кейін ол бірліктерге дейін төмендейді. Сондықтан вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, яғни жедел жағдайда егер азамат коронавирус жұқтырған пациенттермен байланыста болмаса, сондай-ақ екі аптадан кейін инкубациялық кезең күтілмесе және бұған дейін вакцинациядан кейінгі ауыр реакциялар болмаса, онда вакцинация қажет», - деп жауап берді иммунолог.