Медицина • 08 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанның 719 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы егілді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда 1-8 ақпан аралығында вакцинациялауға жоспарланған 916 медицина қызметкерінің 719-ы немесе 78% астамы егілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді.

Нұр-Сұлтанның 719 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы егілді

«Басқару қоймасында КВИ вакцинасының 1 531 дозасы бар. Вакциналау жоспларнған 916 адамның 719 егілді. Айта кетейін, вакцинациялау ерікті негізде және халықтың хабардар етілген келісімі бойынша жүргізіледі. Ешкім ешкімді мәжбүрлемейді. Жалпы алғанда, МСАК-тың 36 ұйымында COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жоспарланған 36 егу кабинеті жұмыс істейді. Егу пункттері барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген және санитарлық талаптарға сәйкес келеді», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар, 36 жылжымалы бригада, COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізуге және қалдықтарды кәдеге жаратуға жауапты адамдар анықталды. БМСК ұйымдарында 80-нен астам фильтр кабинеті бар. Емханаға кіре берісте байланыссыз термометрия, қолды санитайзерлермен өңдеу міндетті түрде жүргізіледі және пациенттерде маскалардың міндетті түрде болуы тексеріледі. КВИ симптомдарының болуына сауалнама жүргізіледі.

«Қоймада диапазоны -18-25°С, әрқайсысының көлемі 360 литр болатын 4 тоңазытқыш жабдығы бар. БМСК ұйымдарында мұздатқыш камералар (-18°С) – 20 дана, 2021 жылғы 19 қаңтарда қосымша 22 мұздатқыш камера жеткізіледі деп күтілуде, сондай-ақ вакциналарды тасымалдау үшін 82 термоконтейнер бірлігі бар. Сонымен қатар, санэпидбақылау департаменті егу кабинеттерінің дайындығына, вакцинация жүргізуге, суық тізбекті қамтамасыз ету үшін жағдайлардың болуына мониторингті жалғастырады», - деп атап өтті Т.Мұратов.