Қазақстан • 08 Ақпан, 2021

Енді аяқкиімдер арнайы кодпен таңбаланады

179 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аяқкиімдердің заңсыз импортталуына жол бермес үшін арнайы DataMatrix кодымен таңбаланды, деп хабарлайды Egemen.kz  Цифрлық экономиканы дамыту орталығының баспасөз қызметі.

Енді аяқкиімдер арнайы кодпен таңбаланады

DataMatrix коды өндіріс барысында тауардың әр партиясына берілген. Онда өндіруші, импорттаушы, тауар партиясының сериялық нөмірі туралы сандық ақпарат және оның тасымалдануын бақылау үшін қажетті басқа да мәліметтер көрсетілді. «Бұл кодты криптақорғаныстың арқасында қолдан жасау мүмкін емес», деп жазылған хабарламада.

Аяқкиім тауарларын таңбалау бойынша пилоттық жоба сәтті жүзеге асты. Оған 5 қазақстандық өндіруші мен 16 импорттаушы қатысты. 

«Жоба аясында «КазлегПром-Алматы», SAMHAT, ZShoesKZ, Almaty Eco Trade Company, «ТаразКожОбувь» сияқты аяқкиім фабрикалары 2019 жылдың 30 шілдесінен бастап 31 желтоқсанына дейін өз тауарларын арнайы DataMatrix кодымен таңбалады. Жоба аясында Қытай, Түркия, Украина Испаниядан аяқкиім импорттаушылары да өз өнімдерін таңбалады. Олардың арасында «Спецобувьторг», «Спэниш ритейл Казахстан», Uterque Kazakhstan және тағы басқа компаниялар бар», дейді мамандар.

Таңбаланған аяқкиім Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне (ТТҚАЖ) енгізілген.

«Кейін өнімдер сату орындарына түсіп, айналымнан шығарылды. Енді тауарды өндірістен бастап, соңғы тұтынушыға сатуға дейінгі барлық процесті ТТҚАЖ -да бақылауға болады», делінген хабарламада.

Еске салайық, 2019 жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялады.  Аяқкиім тауарларын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны енгізу жөніндегі жол картасын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген еді.

Айта кетейік, 2020 жылдың шілдесінде Ресей аяқкиімдерді міндетті таңбалауды енгізді. Нәтижесінде елдегі аяқкиім нарығының көлемі бірнеше есеге өскен (алғашқы айларда ғана – ресми мәлімет)