Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

Шымкентте 480 медқызметкер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екпе алғандардың арасында айтарлықтай кері реакция болған азаматтар тіркелмеген. Вакцинациялау жұмысы қаладағы төрт емханада жүргізіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте 480 медқызметкер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Шымкентте алғашқы тәулікте 180 адам COVID-19 ға қарсы екпе салдырған. Ең алдымен инфекциялық ауруханалардағы медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем және емханалардағы мобильді топтың қызметкерлеріне салынды. Жалпы, 480 медицина қызметкері ковидке қарсы вакцина салдырды.

Сонымен қатар, вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. Екпе салардан алдын дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру секілді дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі.

Айта кетейік, елімізде вакцинация ерікті түрде жасалуда.