Қоғам • 08 Ақпан, 2021

Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім жобасы әзірленді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету жөніндегі келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім жобасы әзірленді

Құжат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қою мақсатында әзірленді.

Келісім жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасының әскери мүлкін Қырғыз Республикасына бір жолғы беруге құқықтық негіз құру.

Құжат жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6766511