Коронавирус • 08 Ақпан, 2021

1-2 жылдан кейін вакцинациялау қайта жүргізілуі мүмкін

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл шара адам иммунитеті мен ағзасындағы антиденелер деңгейіне байланысты қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz

1-2 жылдан кейін вакцинациялау қайта жүргізілуі мүмкін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында UMС клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель осылай деп мәлімдеді. 

«Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі – 1-2  жылдан кейін қайта вакцинация бола ма? Бұл өте қиын сауал. Көптеген вирустарға ревакциянация жүргізілетінін жақсы білесіздер. Мәселен, қызылша ауруына қайта вакцинация жасалады. Мұның барлығы вирус құрылымына байланысты. Соған сәйкес 1 немесе 2 жылдан кейін қайта вакцинация жүргізілуі мүмкін. Бірақ бұл халықтың ағзасындағы антиденелер мен жасушаларындағы иммунитетке байланысты қабылданатын шешім», деді маман.