Экология • 23 Желтоқсан, 2013

Алматы маңындағы жерлер бақылауға алынатын болды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 12 - AlmatiАлматы қаласы мен оның маңындағы жерлер бақылауға алынатын болды. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Осы шаһарда жер телімін тиімді пайдалануға арналған жиын өткізіліп, оған Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев пен Парламент Мәжілісінің депутаттары, Алматы қаласы мен облыс әкімдігінің жетекшілері қатысты. Бұл жиынның өткізілуіне мына мәселе түрткі болған еді. Осы кезге дейін ауыл шаруашылығы мақсатына және коммерциялық нысандар салуға берілген 1 мыңға жуық телімі пайдаланылмай, 42-і мемлекетке қайтарылған. Ал қала маңындағы ауыл шаруашылығына бөлінген 7 мың гектардай жер телімі әлі күнге дейін бос жатыр. Сонымен бірге, аумағы 62 гектар болатын жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдері игерілмеген. Арнай тексеруден кейін осының кейбір бөлігі мемлекетке қайтарылыпты. Бір назар аударатыны, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов шаһардың бас жоспарына сәйкес, қала маңында бос жерлердің жоқ екенін айтып отыр.

Жиында Жер кодексіне өзгертулер мен түзетулер енгізу мәселесі көтерілді. Ол бойынша мемлекетке қайтарылған жердің иесі 3 жылға дейін оны сатып алмаса, банктерде кепілдікте тұрған ауыл шаруашылығы жерлерінің мемлекетке қайтарылуы мен саяжайларды заңдастыру жайы ұсынылды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мақсатына жер алған қожайын 5 жылдың көлемінде оны тиімді пайдаланып жатқанын растауы керек.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы.

Фото: Vox Populi

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22