Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

Қызылордада заңсыз айналымнан 24 қару алынды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында 27 қаңтар – 6 ақпан аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада заңсыз айналымнан 24 қару алынды

Шара барысында 4826 қару иеcі тексеріліп, 84 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабына (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) сәйкес заңсыз айналымнан 24 дана қару тәркіленді.

4 ақпан күні Айдарлы ауылының 26 жастағы тұрғынының сарайынан ішкі істер органдарында тіркелмеген, 2 ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығы алынды.  5 ақпан күні Қызылорда қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірін тексеру кезінде 28 жастағы азаматтың ішкі істер органдарында тіркелмеген 8 мм газды тапаншаны 8 дана оғымен бірге заңсыз сақтап жүргені анықталған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабына (Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу) сәйкес 26 азаматқа, 486-бабына сәйкес (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) 34 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды.


Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024