Тағайындау • 08 Ақпан, 2021

Ринат Зайтов жаңа қызметке тағайындалды

1407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры қызметіне айтыскер-ақын Ринат Зайтов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ринат Зайтов жаңа қызметке тағайындалды

Ұжымға жаңа басшыны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы - Ғани Айдарұлы Майлибаев таныстырды.

Ринат Зайытов 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақтың айтыскер, суырып салма және жазба ақыны, драма актері, филолог. М. Төлебаев атындағы музыка колледжін «Драмалық театр актері» мамандығы бойынша бітірген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. Телевизиядағы алғашқы қадамы Семей қаласының жергілікті арнасындағы «ТТТ» әзіл-сықақ бағдарламасымен басталған. Ол - 2001-2008 жылдары арасындағы аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы, 2008-2010 жылдары аралығында республикалык айтыстағы дүлдүл жеңімпазы. Аягөз ауданының құрметті азаматы. «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.