Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

Ә.Қалықова: Алматыда қоғамдық орындарда індет жұқтыру 43,7%-ға көбейді

217 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алматыда осы күнге дейін коронавирус инфекциясының 22 898 жағдайы тіркелсе, оның 14 558-і симптомды және 8340-ы симптомсыз. Емделгендер саны - 20 953 (+110). 7 ақпанда коронавирус инфекциясының 114 жағдайы тіркелді (112 жергілікті, 1 БАӘ-нен және 1 Шымкент қаласынан әкелу жағдайы), оның ішінде 78 жағдай симптомды, 36 жағдай симптомсыз. Тәуліктік өсім-0,4%, деп хабарлайды Egemen.kz

Ә.Қалықова: Алматыда қоғамдық орындарда індет жұқтыру 43,7%-ға көбейді

«Қаңтар айында КВИ-дің 3607 жағдайы тіркелді, ақпанның 7 күнінде - 770 адамның індет жұқтырғаны анықталды. КВИ екінші толқынының даму динамикасы 28 қаңтарда басталған құлдыраумен жұмсақ өрлемелі сызық бойынша жүреді, бұл Алматы қаласының эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасында қызыл аймақтан (4 күн болды – 25-29 қаңтар аралығында) сары (1 күн болды – 30 қаңтар) және жасылға (31 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін) ауысуына әкелді», деп хабарлады Алматы қаласы санитарлық-эпидемиялық бақылау Департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Эпидемиологтың айтуынша, 28 қаңтардан бастап Алматы қаласында КВИ ауруының күнделікті 130 жағдайдан 122 жағдайға дейін, 29-31 қаңтар аралығында күніне 90-116, 1-7 ақпан аралығында 110-114 жағдайға дейін төмендеуі тіркелді.

«Алматы қаласындағы коронавирус инфекциясымен ауырудың эпидемиялық қисығы ақпан айында жорамалданған жоғары көрсеткіштерге сай кеп отыр, эпидемияның екінші толқынының жоғары көрсеткіші 26-27 қаңтарда орын алды, бұл күндері күніне 138-139 ауру жағдайы тіркелген еді», деп түсіндірді Ә.Қалықова.

Бұл ретте, қаңтар айының 4 аптасымен салыстырғанда эпидемиялық тергеулермен қоғамдық орындарда жұқтырудың 5,1%-ға (38,6-дан 43,7%-ға дейін) – ауа райының жылынуына байланысты келушілердің белсенділігі; отбасыларда 2%-ға (28%-дан 30%-ға дейін) ұлғаюы анықталды. Отбасылық іс-шараларда (құдалықтар, кештер және басқалар) инфекциялардың көбеюі байқалады-аптасына 16 жағдай (2,2%), бұл халық арасында қырағылық пен сақтық шараларының төмендегенін көрсетеді. Қоғамдық көлікте жұқтыру деңгейі 20-22% аралығында өзгеріссіз қалды.

Эпидемиолог санитарлық нормаларды сақтаудың – бетперде киюдің, 1,5-2 метр қашықтықты сақтаудың маңыздылығын тағы да атап өтті, сондай-ақ мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге, әсіресе, қарт адамдарға; созылмалы аурулардан зардап шегетіндерге және т. б. барудан бас тартуға шақырды.

Қаңтар айымен салыстырғанда жас ерекшеліктеріне қарай ауру деңгейі 20-39 жас аралығында 3%-ға нашарлады.
2021 жылғы ақпанның 1 аптасындағы жас құрамы және жұқтыру орындары:

39,2% – 20 – 39 жас - 257 жағдай;

25% – 40-59 жас - 164 жағдай;

20,9% – 60 жас және одан жоғары – 137 жағдай;

43,7% – қоғамдық орындарға бару;

29.9% – отбасында КВИ-мен ауыратын науқаспен байланыс;

20.1% – қалалық көлік.

Айта кету керек, пандемия басталғаннан бері Алматыда шамамен 917 мың ПТР зерттеу жүргізілді. Бүгінгі күні қалада тәуліктік қуаттылығы 14,5 мың зерттеу болатын 24 ПТР зертхана жұмыс істейді. Перспективалық қуаты-23 300 зерттеу. Бұл ретте, «Ұлттық сараптама орталығы» филиалындағы ПТР тестінің құны жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де 8025 теңгеге дейін төмендетілді

Сондай-ақ шет елдерден COVID-19 әкелінуінің алдын алу бойынша шаралар жалғасуда. 2020 жылғы 6 қазаннан бастап биылғы 7 ақпанға дейін коронавирустық инфекцияның 89 жағдайы анықталды (Түркия – 32, БАӘ – 25, Египет – 23, Беларусь – 5, Мальдив аралдары – 2, Сеул – 1, Украина – 1).

Бүгінгі таңда Алматы стационарларының жалпы қуаттылығы 7011 төсек-орынды құрайды. Алматы қаласы әкімдігінің деректері бойынша, бүгінгі күні инфекциялық стационарларда (1866 төсек) 703 науқас жатыр, оның ішінде 17-сі – аса ауыр жағдайда, 105-і-ауыр, 581-і-ауырлығы орташа дәрежеде. 62%-дан астам төсек-орын бос.

1 ақпаннан бастап Алматы медициналық ұйымдарының 1240 қызметкері (67%) коронавирус инфекциясынан «Спутник» вакцинасын алды, бәрі 30 минут бойы медициналық бақылауда болды, денсаулықтарында асқынулар мен жағдайының нашарлауы болған жоқ.