Медицина • 08 Ақпан, 2021

Түркістан облысында 800-ден астам медицина қызметкері екпе салдырды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 800-ден астам медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында 800-ден астам медицина қызметкері екпе салдырды

Өңірде коронавирус індетіне қарсы екпе салу жұмыстары 20 емханада жүргізіліп жатыр. Вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары жеткілікті. Бүгінде вакцина егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген.

Облыста 15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені негізінде шығарылған «QazCovid-In» екпесі кезең-кезеңмен егілетін болады. Яғни отандық екпені қолдану жоспарлануда. Қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтуде. Коронавирустық вакцинаны екі кезеңмен 21 күн аралығында жасау міндетті. Оған себеп,  бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқа мерзімді қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншінің әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады.

Мамандар елімізде вакцинация ерікті екенін, егуден бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқтығын ескертуде. Вакцина салдырарда азаматтар толық дәрігерлік тексеруден өтеді және келесі үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады.