Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

62 адам қар құрсауынан құтқарылды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысында болған қатты боранда патрульдік полицейлер мен ТЖ құтқарушыларының жұмысы қыза түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

62 адам қар құрсауынан құтқарылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік түрлері үшін республикалық маңызы бар бес автожол және облыстық маңызы бар барлық автожолдар жабылғанымен жолға шығып кеткендер көп болған.

«Қозғалысты шектеу кезеңінде Төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, қар құрсауынан 62 адам мен 22 техника шығарылды», дейді СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі, полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев.

Мәселен, жексенбіге қараған түні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Әміржан Тоққожин және Сергей Полуянов Мамлютка-Қостанай автожолында көктайғақ жолдан шығып кеткен «Lada Kalina» және «ВАЗ 2110» көліктерін көреді. Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жолаушылардың зардап шекпегеніне көз жеткізіп, «Қазавтожол» ЖШС жол-пайдалану учаскесінің шебері Виктор Шулеповке айтып, ол жеңіл көлікті тіркемеге алу үшін «ЗиЛ-131» ауыр жүк көлігін жібереді.

Сөйтіп, екі көлік те жолға шығарылды.
Солтүстік Қазақстан облысы