Білім • 08 Ақпан, 2021

Жас ғалымның жетістігі

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Математика және информатика» кафедрасының доценті, PhD доктор Светлана Луцактың «Универсалды алгебра және тор теориясы» тақырыбындағы еңбегі БҒМ жариялаған ғылыми жобалар конкурсында 50 млн-дық грантты жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Жас ғалымның жетістігі

Бұл провинциалдық оқу орны үшін үлкен жетістік болып отыр.
С.Луцактың өзі бұл тақырыпты Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университетінде докторантурада оқып жүргенде ғылыми жетекшісімен бірге бастағанын айтады. Жұмыс негізінен теориялық бағытқа негізделген.

«Енді бөлінген грант үш жыл бойы ғылыми-шығармашылық іссапарларға шығуға, ақылы мақалалар жазуға, ізденістер жасауға жұмсалатын болады», дейді Светлана Луцак.