21 Сәуір, 2010

...КЕШЕ

629 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...ЗИЯРАТ ЕТУГЕ АТТАНДЫ Талас ауданындағы Сәду Шә­кіров атындағы ауылдың тұр­ғыны Мылтықбай Мергенбаев соғысқа 1941 жылы кіріп, 1943 жылы Ре­сей­дің Волгоград облы­сына қа­рас­ты Чувайский ауда­нының Орловка селосындағы қанды қыр­ғын кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын. Жақында майдангердің ұлы, осы ауылдың тұрғыны Мәдібек Мылтықбаев “Нұр Отан” ХДП аудан­дық филиалына Жеңістің 65 жылдығына орай майданда шейіт болған әке қабіріне зиярат етіп, құран бағыштап қайтқысы келеті­нін айтып, өтініш жазған бола­тын. Өтініш филиал тарапы­нан қа­был алынып, майдан­гер­дің ба­ла­сы кеше Ресейге атта­нып кетті. Енді Украинадағы Ровненск облысына қарасты Львов ауда­нын­дағы Червонокременск стан­сасында көз жұмған Кенжебай Тұрсынбаев пен Ресейдің Псков облысында қаза болған Рақым Мұ­хамбетовтің ұрпақтары да әкелерінің қабіріне зиярат етуге аттанбақшы. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы, Талас ауданы. ...МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов пен ENRC PLC компаниясының бас ат­қа­рушы директоры Феликс Вулис өз­ара әлеуметтік әріптестік тура­лы меморандумға қол қойды. Осы­мен сегізінші рет жасалып отыр­ған меморандумның аясын­да жалпы сомасы 1156 млн. тең­генің әлеуметтік мәселелері ше­шіледі. Меморандумда бұрынғы жылдар­да­ғыдай балалар үйіне, денсаулық сақтау және рухани сала меке­ме­леріне қайырымды­лық көмегін көрсету қаралған. Ақ­төбе және Хромтау қалала­рын­да салынып жатқан тұрғын үй­лер құрылысы да осы мемо­ран­думда қаралған қаржыға тұр­ғызылуда. Меморандумға қол қоюдың салтанатында сөйлеген сөзінде облыс басшысы көптеген компа­ния­­лардың әлеуметтік әріп­тес­тік­ті дамытуға баса назар ауда­рып отырғанын атап өтті. Олар­дың ара­сында “СНПС-Ақтө­бе­мұнай­газ” АҚ, “ҚазақОйл­Ақ­тө­бе” ЖШС және аталған ком­пания бар. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы. ...ЖАСТАР СЛЕТІ ӨТТІ Қарасайлық жастар “Елімнің болашағы – менің болашағым” тақырыбында ой қозғап, бас қосты. Оған “Дарын” ғылыми-практикалық орталығының, спорт жарыстарының, қолданба­лы еңбек және бейнелеу өнері бой­ынша өткізілген “Прези­дент­тік корпоративтік қоры” және аудандық, облыстық, респуб­ли­ка­лық ән-би байқауларының же­ңімпаздары, жаңа идеялар мен пікірлердің, өнер мен білімнің мерекесіне мектептегі пәндер олимпиадасының жеңімпаздары қатысып, тақырып ауқымын ке­ңейте түсті. Слетте шәкірттердің белсен­ді­лігі ерекше танылып, олар өзін­дік көзқарасы мен өмірлік бағ­дар­ла­маларын дәлелдеп, еге­мен елі­міз­дің болашағы үшін бә­секеге қа­білетті білім деңгейін, кә­сіби бі­ліктілік жолындағы із­де­ніс таны­та­тындықтарын ортаға салды. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.