Кино • 08 Ақпан, 2021

Батыс Қазақстанда кинотеатрлар қайта ашылды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 8 ақпандағы қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда кинотеатрлар қайта ашылды

Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, өңірде кинотеатрлардың, сондай-ақ театр, мәдени нысандардың жұмыс жасауына рұқсат етілді.

Ол үшін кинотеатрлар InfoKazakhstan.kz сайтында міндетті түрде тіркеліп, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, толымдылығы 20 пайыздан аспауы тиіс. Сол секілді театр, мәдени нысандарда жеке және топтық дайындықта бір мезгілде келушілер саны 30 адамнан, орындар саны 20 пайыздан аспауы керек.

Сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру орындарының қызмет жасау мерзімі ұзартылып, сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін ашық болады.

Қоғамдық көліктер тоқтатылмайды, яғни Оралда жексенбі күні де жүретін болды. Ал сауда үйлері және жабық базарлар тек жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Басқа шектеу іс-шаралары сақталады. Еске сала кетсек, Оралда жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Сондай-ақ БҚО аудандарында коронавирусқа қарсы екпе жасала бастады.