Медицина • 08 Ақпан, 2021

Коронавирусқа қарсы екпенің әсері алғашқы үш күнде байқалады

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирусқа қарсы екпенің әсері алғашқы үш күнде байқалуы мүмкін. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Алмагүл Мантакова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирусқа қарсы екпенің әсері алғашқы үш күнде байқалады

Екпе алғаннан кейін кейбір адамның өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілуі ықтимал. Сондай-ақ еккен жер ауырып, ісінуі мүмкін. Дегенмен мұның бәрі – қалыпты жағдай.

А.Мантакованың айтуынша, облыста коронавирусқа қарсы күні бүгінге дейін 500-дей адам егіліп үлгерді.

Ақпан айы бойы медицина қызметкерлерін егу жалғасады. Ал наурызда облысқа 8 мың доза вакцина жеткізіледі деп жоспарлануда. Ол кезде халықтың басқа топтарын да егу басталады.

Орал қалалық №3 емхананың невролог дәрігері Дариға Үмбетиярова да екпеден қорқудың қажеті жоқтығын, адамның өзінің денсаулығы үшін салынып жатқандығын жеткізді.

«Мен де екпе алдым, ешқандай реакция болған жоқ. Әрине, бастапқы үш күнде сақтану керек. Яғни суға түсуге, адам көп баратын жерлерге баруға болмайды. Жалпы, кім-кім де карантин талабын сақтап, оған қоса індетке қарсы егілсе, біз одан тез құтыламыз деп ойлаймын», деді дәрігер.