Аймақтар • 09 Ақпан, 2021

Полиция жолшыларды сотқа берді

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті жол сапасын жақсартуға бай­ла­ныс­­ты бұған дейін беріл­ген ұсы­нымхаттарды орын­дама­ғаны үшін «Қазақавтожол» меке­ме­сіне қатысты 2 хаттама тол­тырып, материалдарды сот­қа жолдады.

Полиция жолшыларды сотқа берді

Полицияның хабарлауынша, облыс аумағында ауа райының қолайсыздығынан 16 мәрте жол-көлік оқиғасы болып, көлік иелері материалдық шығынға батқан. Жолдың сапасына жауап беретін 17 лауазымды тұлғаның әкім­шілік жауапкершілікке тар­­тылғаны белгілі болды. Одан бөлек, халықаралық және рес­­пуб­­ликалық маңызы бар жол­дарды қар мен мұздан тазар­ту жөніндегі ұйғарымды уақы­тында орындамағаны үшін «Қа­зақ­автожол» мекеме­сінің облыс­тық филиалына қа­тыс­ты іс Орал қалалық мамандан­ды­рылған әкімшілік сотына жол­данған.

Батыс Қазақстан облысы аума­ғында республикалық ма­ңы­зы бар жолдардың ұзын­дығы – 1414 км. Осы жолды биыл күтіп ұстауға республика­лық бюджеттен 850 млн теңге бөлінген.

Соңғы күндері облыс аума­ғында жаңбыр жауып, тұман түсіп, жол қатынасы қиындады. 1 ақпан күні Орал-Атырау тас жо­лында Лада Ларгус және Datsun автокөліктері бір-біріне соғы­лып, 7 адам Ақжайық аудан­­дық ауруханасына жатқы­зыл­ған.

3 ақпан күні облыста қа­лың­ тұман мен көктайғақ қа­тері­не бай­ланысты төтенше жағ­дай­лар департаменті хабар­лама таратқан еді. Полиция авто­көліктерді Орал қаласынан шығар­май жатыр.

 

Батыс Қазақстан облысы