23 Желтоқсан, 2013

Әйгілі конструктор Михаил Калашников қайтыс болды

447 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

23-12-13-mihail kalashnikov-1

Желтоқсанның 23-сі күні 95-ке қараған шағында аты әлемге танымал авторматты ату қаруының даңқты конструкторы Михаил Калашников қайтыс болды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

М.Калашников үстіміздегі жылғы 17 қарашада асқазанынан қан ағып, ауруханаға жатқызылды. Сонда оның ұлы Виктор Калашников журналистерге әкесінің 10 қарашада отбасы шеңберінде туған күнін атап өткеннен кейін алдын алу мақсатында ауруханаға жатып алмақшы болғанын айтып еді.

Калашников бүкіл әлемде жарты ғасырдан бері өзіне тең келетін тек таппай келе жатқан автоматты ату қаруы жүйесінің авторы болып табылады. «Мен менікінен артық автомат жасаған адамның қолын өзім бірінші болып аламын» деді осыдан 30 жыл бұрын Михаил Калашников. Конструктордың осы айтқаны кейін қанатты сөзге айналып кетті.

Ал атақты өнер тапқыш өзінің атышулы автоматын 1947 жылы ойлап тапты. Осы жаңалыққа қол жеткізгенде ол бар-жоғы 9 сыныпты ғана бітірген сержант шеніндегі жауынгер екені. Содан бері бұл автоматтың әртүрлі модификациясы бойынша 70 млн. данасы шығарылыпты. Бүгінде АК (Автомат Калашникова) автоматын әлемнің 100-ден астам еліндегі қарулы күштер қолданады және XX ғасырдың ең таңғажайып жаңалықтарының бірі болып табылады.

Михаил Калашников өмірінің көп бөлігін Удмуртияның астанасы – Ижевск қаласында өткізді. Мұндағы ол ұзақ жылдар жұмыс істеген концернге де кейін өзінің фамилиясы берілген.  Ол «Ижмаш» және «Ижевск механикалық зауыты» деп аталатын құрылымдардың басын біріктірді.

Михаил Калашников бірнеше өмірбаяндық кітіп жазып үлгерді. Ол күні кешеге дейін зауытта бас конструктор болып істеп келді. Калашников Кеңес Одағының Батыры атағы мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған, яғни соғыстың да, бейбіт еңбектің де қатар қаһарманы болған жалғыз тұлға еді.  

Сәкен Майлыбай.

Дереккөз: ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40