Әлем • 09 Ақпан, 2021

Индонезияда 5,5 мыңнан астам үйді су басты

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Батыс Ява провинциясының Бекаси қаласында толассыз жауған жаңбыр  салдарынан 5672 тұрғын үй су астында қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Индонезияда 5,5 мыңнан астам үйді су басты

Индонезиядағы табиғи апаттарды басқару ұлттық орталығының Бекасидегі кеңсесінің басшысы Генри Линкольннің айтуынша, нөсерден кейін елдің кем дегенде 12 аймағында су тасқыны болған. Судың деңгейі 30 см-ден бір жарым метрге дейін жетеді.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Табиғи апаттан зардап шеккен аудандардың тұрғындарына қажетті көмек көрсетіледі.

Сонымен бірге Индонезияның астанасы Джакартада, атап айтқанда Шығыс және Оңтүстік Джакарта аймақтарында қатты жаңбыр жалғасып жатыр.

Су  мөлшері өте жоғары деңгейге көтерілген бірқатар ауданның тұрғыны қауіпсіз жерлерге көшіріледі.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ