Экономика • 09 Ақпан, 2021

Мұнай бағасы өсті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы рет Brent бағасының мұндай деңгейде болуы 2020 жылдың 7 қаңтарында тіркелген еді, деп жазады Egemen.kz

Мұнай бағасы өсті

Ақпан айында күшіне енген ОПЕК+келісімі шикізат бағасының өсуіне себеп болып отыр.

Лондондағы ICE биржасында Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,76%-ға өсіп, 61,02 долларға жетті.  WTI сұрыпты мұнайдың құны 0,63%-ға қымбаттап, қазір бір баррелі шамамен 58,2 долларға саудаланып жатыр. 

Ақпан айында күшіне енген ОПЕК+ келісімі шикізат бағасының өсуіне себеп болып отыр. Құжат бойынша кейбір елдер бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 1,425 миллион баррельге қысқартуға тиіс. Оның миллионы Сауд Арабиясына жүктелген.